СҚО демалыс аймағында «Оса» тапаншасының атылуынан 2 жасар бала зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО демалыс аймағында «Оса» тапаншасының атылуынан 2 жасар бала зардап шекті

СҚО демалыс аймағында «Оса» тапаншасының атылуынан 2 жасар бала зардап шекті

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл ауданының Большой Тарангул көліндегі «Сосновый бор» демалыс аймағында «Оса» травматикалық тапаншасының атылуынан 2 жасар бала зардап шекті,

  • 29 Шiлде 2011
  • 492
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады СҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Петропавл қаласының балалар ауруханасына «травматикалық тапаншадан жаралану» диагнозымен 2 жасар ұл бала жеткізілді. Полицейлерге зардап шеккен баланың ата-анасы хабарлағандай, олар жолдастарымен Есіл ауданындағы Большой Тарангул көлінде демалып жатқан. Балалар жағажайда жүріп, темірден жасалған тапанша тауып алған.

Оқиға орнында болған 10 жасар баланың айтуынша, олар тапаншаны шатыр ішіне алып келіп, ойнап отырғанда, ол атылып кетіп, одан шыққан оқ шатыр қабырғасын тесіп өтіп, сыртта отырған 2 жасар бүлдіршіннің мойнына тиген.

Баласының шыңғырып жылаған даусын естіген ата-анасы шатыр жанына жанұшыра жеткен. Ал балалар, қорқып кетіп, қаруды дәретхана шұңқырына тастап жібереді. Қазіргі уақытта тапанша тәркіленді. Лицензия-рұқсат беру жүйесі бөлімшесінде тапанша тіркелмеген. Қазір «Оса» ішкі істер бөлімінде сақталуда, кейін ол жойылатын болады.

Соңғы жаңалықтар