СҚО көші-қон департаментінің бұрынғы басшысы бірнеше жемқорлық қылмыстары үшін 3 жылға шартты түрде сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО көші-қон департаментінің бұрынғы басшысы бірнеше жемқорлық қылмыстары үшін 3 жылға шартты түрде сотталды

СҚО көші-қон департаментінің бұрынғы басшысы бірнеше жемқорлық қылмыстары үшін 3 жылға шартты түрде сотталды

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаментінің бұрынғы директоры Нұрлан Рамазанов 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды СҚО облыстық сотының баспасөз қызметі.

  • 15 Маусым 2011
  • 529
Фото - Caravan.kz

«Н.Рамазановдепартамент директоры болып қызмет еткенде бірнеше жемқорлық қылмыс жасады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

2010 жылдың наурыз айында ол осы жұмыспен айналыспайтынын біле тұра, А. деген азаматшаны департаментке еден жуушы етіп жұмысқа қабылдаған. Оны еден жуушы етіп жұмысқа қабылдау туралы жалған бұйрық шығарылып, жалған еңбек келісіміне қол қойылған.

«2010 жылғы сәуірден маусымға дейінгі кезеңде төлем есепшоттарының негізінде А. азаматшаға жалпы сомасы Т33207 көлемінде жалақы аударылған, ақшаны Н. Рамазановтың нұсқауымен департаменттің маманы алып, оған (Н. Рамазановқа – ҚазТАГ) табыстап отырған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кейін Н. Рамазанов А. азаматшаны басқа қызметтік ғимарат – оралмандарды уақытша орналастыру орталығына еден жуушы етіп жұмысқа алып, бұрынғы әдіс бойынша Т8411 көлеміндегі жалақысын өзіне алып отырған.

«Сонымен бірге, ҚР Конституциясын мерекелек құрметіне сотталушы департамент қызметкерлеріне сыйақы аудару туралы бұйрық шығарып, өзі материалдық табыс табу мақсатында қарамағындағы қызметкерлерге аударылған сыйақыларының бір бөлігін өзіне жинап беру туралы ауызша тапсырма берген. Департамент қызметкерлері сотталушының қызметтік өкілеттіктерінің шегінен шығатын заңсыз нұсқауын орындап, ақшаларының бір бөлігін басшыларына берген», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Петропавл қалалық соты Н. Рамазановты ҚР ҚК 307 б.2 б., 314б.2б., 308 б.4 б.«в» т. бойынша айыпты деп таныды. Оған 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру арқылы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. ҚР ҚК 63 бабының негізінде Н. Рамазановқа берілген жаза 2 жыл сынақ мерзіммен шартты түрде өтеледі».

Соңғы жаңалықтар