СҚО: мотоциклшылардың қатысумен екі жол апатында бір адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО: мотоциклшылардың қатысумен екі жол апатында бір адам қаза болды

СҚО: мотоциклшылардың қатысумен екі жол апатында бір адам қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысында мотоциклшылардың қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы орын алып, олардың салдарынан бір адам қаза болды, төрт адам жараланды.

  • 12 Шiлде 2011
  • 445
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ресейдің Түмен облысының 19 жастағы тұрғыны Қызылжар ауданында «Петропавл-Есіл» тас жолында болған жол апатының салдарынан жақ сүйегінен жарақат алды. «Урал» мотоцикліне мінген 24 жастағы ресейлік азамат рульге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Оқиға салдарынан бір қыз бен 23 жастағы тағы бір жолаушы зардап шеккен. Мотоциклдың бесігінде тағы екі жолаушы болған.

Ал Ақжар ауданында мотоциклмен түнгі сапар қайғылы аяқталды. Апат салдарынан Горьковское селосының 23 жастағы тұрғыны қаза болды. Мотоцикл жолаушысы, 17 жасар бойжеткеннің айтуынша, олар жарықсыз жүріп келе жатып, темір қоршауға соғылған. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмған. Ал оның екі жолаушысы ауруханаға түрлі жарақатпен түскен.

Мотоцикл апаттарының жиілеп кетуіне байланысты, жол полицейлері ауылдық жерлерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуде.

Соңғы жаңалықтар