СҚО полицейлері 5 жыл іздеуде болған қыз баланы тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+37 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО полицейлері 5 жыл іздеуде болған қыз баланы тапты

СҚО полицейлері 5 жыл іздеуде болған қыз баланы тапты

Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) полицейлер 5 жыл іздеуде болған 21 жасар қыз баланы тапты, деп бейсенбі күні СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Маусым 2011
  • 527
Фото - Caravan.kz

«Тайынша аудан орталығының тұрғынын Тайынша АІІБ оперөкілеттілері тапты», — деді баспасөз қызметінен.

Қызының ақша табуға кетіп, жоғалып кеткені туралы анасы полицейлерге 2007-ші жылы хабарлаған. Бұл аралықта оператившілер Астанаға бірнеше рет барып қайтқан. Ол қыз туралы мәліметтер Қазақстанның барлық түкпірлеріне жіберіліп, бірақ одан ешқандай нәтижде болмаған.

«Ол келіншектің туыстары оны өлді деп те есептеп қойыпты. Себебі ол бес жыл бойы ешқандай хабар бермепті. Үйінде оны анасы мен кішкентай баласы күтіп отырған. Қазір кішкентай қызы 6-да», — деді баспасөз қызметінен.

Ол келіншек ешқандай құжатсыз болып, үнемі Астана құрылыстарындағы орындарын ауыстырып отырған.

«Келіншек осыншама уақыт жоқ болып кеткенін ешқандай түсіндіре алмады. Қазір ол қызын алып, елордаға қайта оралды», — деді баспасөз қызметіндегілер.