СҚО полицейлері спорттық жарыс өткізді
Қазақстан полициясының күні қарсаңында Петропавлда тәртіп сақшыларының арасында самбодан және шағын футболдан жарыстар өтті. |
Өз кәсіби мерекелеріне арналған бұл шараға облыстың ішкі істер органы бөлімдерінің 100-ден астам қызметкері қатысты.
Екі күнге созылған самбошылар жарысында командалық есеп бойынша Шал ақын атындағы ауданның ішкі істер бөлімі бірінші орынды жеңіп алды. Ал Тимирязев ауданының полицейлері мен Петропавл қаласы Ішкі істер басқармасының қызметкерлері олардан аз ғана ұпай кейін қалды.
Футбол алаңында аудандық, қалалық және облыстық бөлімдердің 7 командасы күш сынасты. Қарсыластарының қақпасына ең көп доп салған Петропавл Ішкі істер басқармасының командасы бірінші орын алса, екінші орынды - Уәлиханов ауданының командасы еншіледі. Ал үшінші орын облыстық ішкі істер департаментінің жол полицейлеріне бұйырды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін