Жарияланды: 460

СҚО қаржы басқармасының бастығына қатысты жымқыру және қолдан құжат жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды

Солтсүтік Қазақстан облыстық (СҚО) қаржы басқармасының бастығы Азамат Әмринге қатысты жымқыру және қызмет бабында құжаттарды қолдан жасау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп СҚО экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департамент бастығының орынбасары Қайрат Үмбетов мәлім етті.

«Әмринге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 176-шы бап (жымқыру) және 314-ші бап (қызмет бабында құжаттарды алмастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол Шал ақын ауданының орталығы Сергеевкадағы қоғамдық моншаны жөндеуге деп бөлінген 1 млн қаржыны жымқырған деп айыпталады», - деп К. Үмбетеев сейсенбі күнгі баспасөз мәлихатында мәлім етті. Оның айтуынша, қазір қылмыстық іс тексерілуде. Сот қаржы полицейлерінің А. Әмринді қамауға алу керектігі туралы өтінішін қабыл алмады. Қазір уақытша жұмысынан қуылған шенеунік ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхатпен жүр. А. Әмрин СҚО қаржы басқармасының бастығы қызметіне ағымдағы жылғы мамырда тағайындалған. Бұған дейін Шал ақын ауданының әкімі қызметін атқарған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін