СҚО қаржы полициясы қозғаған қылмыстық іс бойынша келген шығынның жалпы сомасы 4 млрд теңгеден асады - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО қаржы полициясы қозғаған қылмыстық іс бойынша келген шығынның жалпы сомасы 4 млрд теңгеден асады

СҚО қаржы полициясы қозғаған қылмыстық іс бойынша келген шығынның жалпы сомасы 4 млрд теңгеден асады

Жыл басынан бері СҚО қаржы полициясы қозғаған қылмыстық істер бойынша келген шығын сомасы 4 млрд теңгеден асады, депСҚО экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департамент бастығының орынбасары Қайрат Үмбетов мәлім етті.

  • 12 Шiлде 2011
  • 460
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 6 айда 217 қылмыс анықталып, олардың 149-ы аса қауіпті қылмыстар қатарына жатады. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келген шығын сомасы 4 млрд теңгеден асады, олардан Т2 млрд-қа жуығы қайтарылды.

«Жемқорлықпен күрес желісі арқылы аталған аралықта 52 қылмыс анықталып, анықталған шығын мөлшері Т144,5 млн болып, олардың қайтарылғаны — Т 143,2 млн болды», — деді К. Үмбетеев баспасөз мәслихатында.

Ондағы мәліметтер бойынша, жыл басынан бері қаржы полициясы бюджет қаражатының мақсаттан тыс пайдалануы мен жымқыру фактілеріне қатысты қылмыстарды анықтап, олардың жолын кесті.

«Мысалы, «Қазпоштаның» Аққайың филиалының кәссірі мен бас бұхгалтері Т14 млн қаржы жымқырғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5-тен 7 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Сотталғандардан 4,4 млн теңге қайта өндірілді», — деді ол.

Мемлекеттік тілге үйрету облыстық орталық директоры А. Мәженова 5 жылға сотталды. Ол 2007-2010 жылдар аралығында бухгалтерге нұсқау беру арқылы өзінің карточкасына жалақыдан артық Т279 мың мөлшеріндегі қаражат аудартқан.

К. Үмбетеевтің айтуынша осы сияқты бірнеше қылмыс анықталған, және облыста ең көп таралған қылмыс түрлері қызмет бабында құжаттарды алмастыру, қолдан құжат жасау екен. Мысалы биыл ондай қылмыстар саны былтырғымен салыстырғанда 2 есеге артып, 15-тен 32-ге дейін жетіпті.