Барлығы жарыстарға 17 команда қатысты. СҚО құрамасына сегіз күресші кірді, олардың айтуынша, чемпионатта алға суырылып шығу өте қиын болды, өйткені бұл сайыстарға еліміздің оңтүстік облыстарынан мықты спортшылар келген.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер осы спорт түрінен ҚР спорт шеберінің нормативтерін орындады. Жиын нәтижелері бойынша үздік шыққан спортшылар Мәскеуде 2011 жылдың наурызында өтетін қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында бақтарын сынай алады.