СҚО тұрғыны жемістің ішінен дәрі тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО тұрғыны жемістің ішінен дәрі тауып алды

СҚО тұрғыны жемістің ішінен дәрі тауып алды

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын жемістердің ішінде бейтаныс дәрі тауып алды.

  • 10 Қаңтар 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы caravan.kz хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ауыл тұрғыны мандаринді тазалап отырып сүйектің орнында тұрған дәрін байқап қалады. Сандуғаш Оқасованың сөзінше, бұған ұқсас дәрілерді ол алма мен алмұрттың ішінен де тапқан. Артынша анықталғандай ол жемістерді жергілікті дүукеннен сатып алған. Жемістер Көкшетау қаласынан әкелініпті. Табылған 9 дәрі мен жемістердің өзін әйел мамандарға тапсырған. Сонымен қатар тұрғын жағдайды видеоға түсіріп алыпты. Қазіргі таңда оқиға бойынша сот алды тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Сараптама нәтижелері алдағы уақытта белгілі болады. 

"Аталған факт ҚР ҚК-нің  306 бабы 1 тармағы бойынша тіркелді. СҚО-ның полиция департаменттігі істі өз бақылауына алды. Егер кінәлілер анықталса, олар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылыуы мүмкін",- деді ПД-нің тергеу басқармасы басшысының орынбасары Марат Ахметбеов. 


Соңғы жаңалықтар