СҚО-да 5 жарым млн тоннадан астам астық жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да 5 жарым млн тоннадан астам астық жиналды

СҚО-да 5 жарым млн тоннадан астам астық жиналды

Келесі жылы Солтүстік Қазақстан облысында 1 млн гектар жерге майлы дақыл егіледі.

  • 22 Қазан 2017
  • 248
Фото - Caravan.kz

Диқандар қауымы осылайша егін шаруашылығын әртараптандырып, шет елдерде жоғары сұранысқа ие өнімді экспортқа шығармақ, деп хабарлады 24.кз. Биыл өңірде 5 млн 600 мың тонна астық жиналды. Бұл ел бойынша қамбаға құйылған егіннің 30 пайызы. Диқандар әр гектарынан 18 центнерден астық жинады. Енді ауыл еңбеккерлері көктемгі егіс науқанына дайындалып, жер жырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шаруалар тұқым қорын жаңартуға да баса мән беріп отыр.

 — Елбасының тапсырмасына сай диверсификация жұмыстарының да нәтижиесін көріп отырмыз. Былтырғы жылмен салыстырғанда майлы дақылдар 40 пайызға көбірек егілді. Енді келесі жылы біз 1 млн гектарға дейін жеткізуді сондай бір жоспарымыз бар. Майлы дақылдардың бағасы бүгінгі күні бір тонна үшін 122,5 мың теңге тұрады, деді облыс әкімі.Құмар Ақсақалов. 


Соңғы жаңалықтар