СҚО-да 66 жастағы тұрғын он күннен бері іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да 66 жастағы тұрғын он күннен бері іздестіріліп жатыр

СҚО-да 66 жастағы тұрғын он күннен бері іздестіріліп жатыр

Петропавлда 66 жастағы тұрғын он күннен бері іздестіріліп жатыр

  • 29 Наурыз 2021
  • 10
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Қазақстан облысында үйінен шығып, қайтып оралмаған 66 жастағы ер адамды полиция мен волонтерлер іздеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Петропавл қалалық криминалдық полиция бөлімінің мәліметінше, 1954 жылы туған Қалымжан Сейфутдинұлы Ғабдунасов 19 наурыз күні сағат 9.00 шамасында Петропавлдағы Алтынсарин көшесіндегі үйінен шығып кетіп, қайтып келмеген.

Ер адам арықша келген, бойы 164 см шамасында, қысқа ақ шашты, мұртты, қой көзді. Сол күні үстінде қысқа қоңыр күртеше, қара бас киім, күзетшінің сұр түсті арнайы костюмі, қара аяқ киім болған.


Полицейлер іздеу жарияланған ер адамды көрген-білгендер болса,

8(7152) 39-48-37

8(7152) 39-48-07

8-747-559-70-71 және 102 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Перейти к новостям спорта