СҚО-да алқа билерінің қатысуымен өтетін соттар саны үш есеге артты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да алқа билерінің қатысуымен өтетін соттар саны үш есеге артты

СҚО-да алқа билерінің қатысуымен өтетін соттар саны үш есеге артты

СҚО-да алқа билерінің қатысуымен өтетін соттар саны үш есеге артты, деп СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының м.а. Рамазан Хасенов мәлім етті.

  • 29 Маусым 2011
  • 387
Фото - Caravan.kz

«Егер 2010 жылы алқа билерінің қатысуымен 3 қылмыстық іс қаралса, 2011 жылы 6 айда 8 қылмыстық іс қаралды. Сотқа тартылғандар алқа билерін таңдап отыр», — деді Р. Хасенов сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол, алқа билерінің сотқа қатысуы сотталып отырғандардың ақталып кетуіне мүмкіндік бермейді деді.

«Қаралған сот істері бойынша бәрінде де айыптау үкімдері шығарылды. Олардың барлығын да жоғарғы жақ сатылары әділ деп таныды», — деді Р. Хасенов.

Оның мәліметтерінше, 2010 жылы қылмыстық істер жөніндегі СҚО мамандандырылған ауданаралық сот 128 адамға қатысты 80 істі қарап, оның ішінде 111 тұлғаға қатысты 73 іс бойынша үкім шығарды. 2011 жылы 64 адамға қатысты 46 іс қаралды. Қаралып отырған істердің 50% -дайы заңсыз есірткі айналымына байланысты.

Соңғы жаңалықтар