СҚО-да аттестаттаудан кейін 193 полицей жұмыстан шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да аттестаттаудан кейін 193 полицей жұмыстан шығарылды

СҚО-да аттестаттаудан кейін 193 полицей жұмыстан шығарылды

Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінде ішкі істер органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізудің қорытындысы шығарылды, деп хабарланды СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.

  • 9 Қараша 2012
  • 361
Фото - Caravan.kz

Аттестаттаудан облыстық ішкі істер органының 2 мыңнан астам қызметкері өтті, олардың 1968-і қызметіне лайық деп танылды. Сондай-ақ 18 қызметкер кадрлық резервке алынуға немесе қызметін жоғарылатуға ұсынылды. Аттестаттау комиссиясының шешімімен 45 полицей қызметіне лайық емес деп танылып, қызметін төмендетуге, СҚО ІІБ-ның 38 қызметкері басқа қызметке ауыстырылуға ұсынылды.

Аттестаттаудан өтудің нәтижесі бойынша полицияның 193 қызметкері ішкі істер органынан жұмыстан шығарылды.

Перейти к новостям спорта