СҚО-да ауыл әкімі мен тұрғындар қақпа үшін қырқысып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.45
  • 598.59
+35 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да ауыл әкімі мен тұрғындар қақпа үшін қырқысып жатыр

СҚО-да ауыл әкімі мен тұрғындар қақпа үшін қырқысып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысыдағы Ильинка ауылының тұрғындары ауыл көшелеріне орнатылған қақпаларға қарсы. Осыдан тура 20 жыл бұрын орнатылған темір құрастырмалар жүк көліктері өтпес үшін жасалған. Енді ол жалпы жұртқа кедергі келтіріп тұр. Өйткені онсыз да аласа етіп жасалған қақпалардың астына қар жиналып, одан тіпті жедел жәрдем мен өрт сөндіретін көліктер де өте алмай қалған.

  • 23 Қаңтар 2015
  • 280
Фото - Caravan.kz

Евгений Алексеевтің бойы 1 метр 80 сантиметр. Қолын көтерсе тірелетін кдергіден ол жол талғамайтын автокөлігімен әрең өтеді. Ал одан биіктеу көлік үшін ауыл көшелерімен жүру қиямет-қайым.

Евгении Алексеев, Ильинка ауылының тұрғыны:

-Мен жуырда Газель  автокөлігін сатып алдым. Үйіме әрең  кіргіздім. Содан бері оны  ешқайда шығара  алмаймын. Басқа жолмен жүру мүмкін емес, бәрін қар басып қалған. Алып тастай да алмайсың,  тастай етіп дәнекерлеп қойған. 

Қыс кезінде қақпа астына жиналатын қардың кесірінен аласалап қалған. Сондықтан отын мен жем тасу үшін тұрғындар бір біренен ат шана сұрап жүргені. Әсіресе, қыста пештен жиі шығатын өрт Ильинка тұрғындары үшін өліммен тең.

Виктор Шагин, Ильинка ауылының тұрғыны:

-Мына үй өртенгенде, өрт сөндірушілер өте алмай тұрып қалды. Ауылдың тракторы келіп қарын тазалағанша тұрды отқа қарап. Сөйтем дегенше үйдегі екі адамның біреуі тірідей жанып кетті. Екіншісі қазір мүгедек болып қалған. 

Бұл қақпалар осыдан 20 жыл бұрын жаңа асфальт төселгенде орнатылған екен. Жаңа жолды жүк көліктері бұзбасын деген мақсатпен. Алайда ол асфальттан қазір жұрнақ қалмаса да, ескі қақпалар сол  міндетін әлі орындап тұр.

-Кейбір қақпалар тіпті аласа. Мысалы мына қақпадан  бойы менен ұзын адамның еңкейіп өтері анық. Ал бұл көшеде мектеп орналасқан. Ендеше,  жаман айтпай жақсы жоқ, өрт сөндіру техникасының немесе жедел жәрдемнің көмегі керек болып қалса оның бұл жерден өте алмасы анық
.  

Ал жерлігікті шаруа қожалығының басшысы оларды алып тастауға мүлдем қарсы. Мұндай қадамға барғандардың үстінен ол тіпті тәртіп сақшыларына шағым да жазған. Әкім де оның сөзін сөйлеп отыр.   

Наталья Кудряшова, Ильинка  ауылдық аймағының әкімі:

-Ешқандай қиындық жоқ. Бұл қақпалар ешкімге де кедергі келтірмейді. Егер керек болса, оны уақытша алып тастауға болады. Алайда тұрғындардың өзі жиналыста  алмаңдар деді.

Осылайша, дәрігерлер  мен өрт сөндірушілер ауылды айналып жүргенде, қасқайып тұрған қақпалардың кімге қандай пайдасы бары жұмбақ болып қалды.