СҚО-да ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің 204 мың гектары қараусыз жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің 204 мың гектары қараусыз жатыр

СҚО-да ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің 204 мың гектары қараусыз жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің 204347 гектары қараусыз жатыр, деп мәлім етті СҚО жер қатынастары басқармасының бастығы Есенгелді Қарбаев.

  • 31 Мамыр 2011
  • 478
Фото - Caravan.kz

«1 мамырдағы жағдай бойынша, жалпы аумағы 204347 га болатын 2925 жер учаскесі қараусыз деп есепте тұр», — деп нақтылады ол сейсенбі күні облыс әкімдігіндегі кеңесте.

Е. Қарбаевтың айтуынша, 2010 жылы жалпы аумағы 9052,8 га болатын 24 жер телімі, 2011 жылы жалпы аумағы 9141,7 га 33 жер телімі мемлекеттің меншігіне қайтарылды.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай отырған жерлерді анықтау мақсатында 2 ай бұрын қолға алынған шара барысында осындай фактілер анықталды.

«Уәлиханов ауданында 4104 га, Тайынша ауданында 1168 га, Тимирязев ауданында 4276 га жер пайдаланылмай отыр», — деп хабарлады Е.Қарбаев.

Е. Қарбаевтың атап көрсетуінше, «бірнеше жыл қатарынан ауыл шаруашылығымен айналыспай отырған жер пайдаланушылар бар. Ал олардың жер телімдері кепілдікке қойылғандықтан, оларды тәркілеп, басқа жер пайдаланушыларға беру мүмкін емес».

«2010 жылы 57 мың га аумақтағы жер телімдерін 2 жылдан артық уақыт пайдаланбаған 42 жер пайдаланушы анықталды. Биыл 3 мың га жер мемлекетке қайтарылды, 10,6 мың га жер бойынша істер сот қарауында жатыр», — деді Е.Қарбаев.

Соңғы жаңалықтар