СҚО-да банк менеджері 8 жылда Т85 млн-нан астам қаржы жымқырған
Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) банк менеджері 8 жылда Т85 млн-нан астам ақша ұрлапты, деп сейсенбі күні СҚО бойынша ЭҚСЖҚКД баспасөз қызметікері Нұрлан Жахин мәлім етті. |
«Қаржы полициясының департаменті екінші деңгейдегі банктердің бірінің менеджеріне қатысты алаяқтықпен қаражат жымқырған деген 8 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғады», - деп түсіндірді ол.
Н. Жахиннің мәліметтерінше, банкир 8 жыл бойына жоқ чектер арқылы сатып алулар жүргізіп, белгісіз адамдарға кассалық-шығын ордерлерін жазу арқылы банктен Т85 млн-нан астам ақшаны жымқырған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін