СҚО-да «Егер мен әкім болсам» атты балалар байқауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да «Егер мен әкім болсам» атты балалар байқауы өтті

СҚО-да «Егер мен әкім болсам» атты балалар байқауы өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен балалар арасында «Егер мен әкім болсам» атты шығармалар байқауы өтті.

  • 3 Қыркүйек 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

СҚО мемлекеттік қызмет істері департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шығармашылық байқау өңірде 14-30 тамыз күндері өтті. Оған 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер белсенді қатысты. «Егер мен әкім болсам» тақырыбына жазылған шығармалар жергілікті ақпарат порталдарының бірінде жарияланып, сол жерде әр қатысушының туындысы дауыс беру арқылы бағаланды. «Балалар арасында бұл байқау соншалықты қызығушылық тудырады деп күтпедік. Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталса да балалардан шығармалар түсіп жатты. Әсіресе Аққайың және Тайынша аудандарының балалары белсенділік танытты», — дейді департаменттің бас маманы Гүлнара Сәрсембаева.

Петропавлдағы №13 орта мектептің оқушысы Анастасия Шмидт өз шығармасын қазақ тілінде ұсынды.

«Барлық шығармалар мазмұнды, әрқайсысы ерекше. Сол себепті біреуін бөліп-жарып айту қиын. Десек те, жеңімпаз сайтта дауыс беру арқылы анықталды. Осылайша Аққайың ауданы Смирнов мектеп-гимназиясының оқушысы, 14 жастағы Никита Лисовик бірінші орынды жеңіп алды. Жасөспірімнің пікірінше, жоғары лауазымды адам беделді, жайдары, тез бейімделгіш және ұқыпты болуы қажет. Балалар тақырыпты ашуға тырысып, қалыптан тыс ой-пікірлерін жазды. Өз шығармаларында туған жерінің мәселелерін қозғап, оны шешу жолдарына дейін ұсынды. Кейбірі, тіпті, тұрғындардың жағдайын жақсартуға қатысты арнайы бағдарлама да жазып шыққан», — дейді Гүлнара Сәрсембаева.

Балалар білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелерін қозғады. Жолдардың нашар жағдайын, ауылдарда таза судың жеткіліксіздігін жазды. Жасөспірімдердің пікірінше, елдімекендерде балалар мен жастардың бос уақытын өткізетін орындар жеткіліксіз, спортты, музыкалық білім беруді дамыту қажет.


«Жасөспірімдердің араларында әкім болғысы келетіндері бар, олар бұл жұмыстың барлық жауапкершілігін түсінеді. Ол үшін жақсы оқу, жан-жақты білімді, сауатты болу қажет деп санайды. Жалпы бұл байқау біздің балалардың әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамайтындығын көрсетті», — дейді СҚО мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Гүлнара Сәрсембаева.

Соңғы жаңалықтар