СҚО-да газ құю станциясына қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілер 15 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да газ құю станциясына қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілер 15 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

СҚО-да газ құю станциясына қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілер 15 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) газ құю станциясына қарақшылық жасады деген үш күдікті 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

  • 22 Шiлде 2011
  • 685
Фото - Caravan.kz

«21 шілдеге қараған түні Мүсірепов ат. ауданның Новоишимка ауылында жасалған қарақшылық шабуыл «ізі суымай жатып» ашылды. Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен үш жергілікті тұрғын ұсталды, олардың біреуі – осы станцияның жұмыскері», — деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі жұма күні.

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні бетперде киген үш адам газ құю станциясының оператор-күзетшісіне шабуылдаған. Қолын электр сымымен байлап, дәретханаға қамап қойған. Қарақшылар Т480мың салынған металл сейфті алып кеткен.

«Қылмыс орнына келген полиция қызметкерлері қаскүнемдердің бейнекамераларды сындырып, бейнетіркегішті жұлып алып, шалшық суға лақтырып кеткенін анықтаған. 24 жастағы оператор-күзетші қарақшылардың бірінің дауысы таныс екенін айтқан. Кешке дейін үшеуі де ұсталды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кейін қарақшылардың бірі – станцияның операторы болып шықты, сол күні ол демалыста болған. Осы себепті ол оператор мен ақшасы бар сейф орналасқан ғимараттың есігін оңай ашып, ішіне ене алған. Күдіктілер сейфті алып, мотоциклға отырып, Есіл өзенінің жағасына барғанын айтқан. Сейфтің кілтін балғамен бұзып, ашып, ақшаны бөліп алған.

«Тәркіленген ақша түгелдей тәркіленді. Біреуі 32, екеуі 20 жастағы үш күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды. Күдіктілердің екеуі Новоишимка ауылындағы серіктестікте жұмыс істейді, олар Ғ. Мүсірепов ат. ауданның Привольное ауылында тұрады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл факт бойынша ҚР ҚК 179 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Соңғы жаңалықтар