СҚО-да интернаттың біржарым жыл іздеуде болған түлегінің мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да интернаттың біржарым жыл іздеуде болған түлегінің мәйіті табылды

СҚО-да интернаттың біржарым жыл іздеуде болған түлегінің мәйіті табылды

Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) интернаттың бір жарым жыл іздеуде болған кәмелетке толмаған түлегінің сүйегі табылды, деп сейсенбі күні СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Шiлде 2011
  • 544
Фото - Caravan.kz

«СҚО Мамлют аудан полицейлері аудан орталығының 22 жасар тұрғынын 2009 жылы хабар-ошарсыз жоғалған 13 жасар интернат түлегінің өліміне қатысты деген күдікпен тұтқындады», — деді баспасөз қызметінен.

2010 жылдың қаңтарында полицияға Мамлютка қаласының тұрғыны ұлының 2009 жылы қыркүйекте үйден кеткелі, қайтып оралмағаны туралы шағыммен жүгінген. Өзі ата-аналық құқығынан айрылған әкесінің айтуынша, ұлы бұрындары да бірнеше рет кеткенімен, кейін қайтып оралып отырған.

«Сол кезде іздеу шаралары жүргізілгенмен ешқандай нәтиже болмаған. Ол істе қандай да қылмыс белгілері болмағаны себепті қылмыстық іс ашылмаған. Бірақ 2011 жылы маусымда кәмелетке толмаған бала жоғалар алдында Мамлютка қаласының тұрғындарымен сприттік ішімдік ішкені туралы хабар түсті», — деді Мамлют аудандық ІІД бастық орынбасары Қазбек Шаяхметов.

Кейін аудандық ішкі істер бөліміне өз айыбын мойнына алып, 22 жасар азамат келген. Оның айтуынша, 2009 жылы қарашаның соңында ол өзінің 51 жасар немере ағасымен бір ЖШС территориясында спирттік ішімдік ішіп отырған. Қазір ұрлығы үшін түрмеде отырған сол ағасы осы мекемеде күзетші болып жұмыс істеген. Одан соң оларға жоғалған бала қосылған.

Куәнің айтуынша, ішімдік ішіп отырып, аулада тұрған автокөлік арқылы металл сынықтарын апарып тапсырып, тағы арақ әкелу туралы ой туындаған. Машинаны оталдырып, маневр жасау барысында кәмелетке толмаған баланы басып кеткен. Зардап шегушінің тыныс алмай жатқанын көріп, ағасы оны осы ЖШС территориясында көміп тастауды, сөйтіп іздерін жуып-шаюды ұсынады.

«Оның айтқандарын тексеру барысында кәмелетке толмағанның сүйегінің көмілген жері тексеріліп, сол жерден оның мәйіті табылып, ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді», — деді К. Шаяхметов.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, 22 жасар азамат ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхатпен босатылды. Ал оның түрмедегі ағасына қатысты шара тергеу барысында анықталатын болады», — деп баспасөз қызметінен хабарлады.

Соңғы жаңалықтар