СҚО-да халық үйлеріне қайықпен жетуге мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да халық үйлеріне қайықпен жетуге мәжбүр

СҚО-да халық үйлеріне қайықпен жетуге мәжбүр

Солтүстік Қазақстан облысындағы топан су басқан Қаратал ауылының тұрғындары да үйлеріне оралып жатыр. 200-ден аса адам 4 күн бойы көрші ауылда тұрақтаған.

  • 21 Сәуiр 2015
  • 318
Фото - Caravan.kz

Баспаналары да айтарлықтай бүлінбепті. Қызыл судың беті қайтқанымен, екі ауылды байланыстыратын жол әлі су астында тұр. Тұрғындар үйлеріне қайықтармен жетті. Бұған дейін биіктеу жерге айдап әкетілген мал да иелеріне қайтарылды. Алайда төтенше жағдай мамандары ауылда әлі  кезекшілік жүргізбек. Қазір топан су өңірдің солтүстігіне қарай ығысып, облыс орталығына беттеп келеді.