СҚО-да көпбалалы ана өз ұлын өлтірген деп күдіктеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да көпбалалы ана өз ұлын өлтірген деп күдіктеледі

СҚО-да көпбалалы ана өз ұлын өлтірген деп күдіктеледі

Солтүстік Қазақстан облысында 11 баланың анасы өз баласын өлтірген деп күдіктелуде, деп СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Шiлде 2011
  • 554
Фото - Caravan.kz

«Ақжар ауданында 65 жасар 11 баланың анасы өзінің 28 жасар ұлын өлтірген деген күдікпен ұсталды», — деп жұма күні баспасөз қызметінен хабарлады.

Горьковское селосында тұратын ұсталған ананың айтуынша, ол 6 шілдеде екі баласымен бірге сприттік ішімдік ішіп отырған. Мерекелік үстел басында анасы кіші ұлымен керісіп қалған. Жанжал барыс ында ана баласын таяқпен салып жіберіп, одан соң аспаз пышағымен бірнеше рет пышақтаған.

«Денені тексергенде полицей 13 пышақ салған жер санаған», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Зейнеткер ана ұлының мамыр айында маскүнемдіктен емдейтін мекемеден қайтқанын айтып, сол кезден бері ол анасы мен осы селода тұратын басқа ағайындыларын ұрып-соғуды шығарды дейді.

«Көршілердің және ананың айтуынша бұл үйде сприттік ішімдік ішу үйреншікті жағдай. Учаскелік полицейлер үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізгеніме� � ол ешқандай нәтиже бермеген. Отбасында ешкім жұмыс істемей, анасының зейнетақысына күн көрген. Оның айтуынша, кіші ұлы оның зейнетақысын бірнеше рет ұрлап, ішімдікке жаратқан», — дейді баспасөз қызметіндегілер.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Соңғы жаңалықтар