СҚО-да мас жүргізуші құмда ойнап жүрген балаларды соғып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да мас жүргізуші құмда ойнап жүрген балаларды соғып кеткен

СҚО-да мас жүргізуші құмда ойнап жүрген балаларды соғып кеткен

Өткен сенбі күні Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданына қарасты Явленка ауылында аудан орталығында тұратын 25 жастағы тұрғын құмда ойнап жүрген екі баланы қағып кетті.

  • 19 Шiлде 2011
  • 549
Фото - Caravan.kz

Оқиға салдарынан екі бала қатты жарақат алған. Сондай-ақ көлік ішінде отырған қыз бала да зардап шеккен, деп хабарлайды СҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

5 және 10 жастағы екі бала құмда ойнап жүрген. Кешкі сағат 8 шамасында көрші ауладан «Нива» көлігін мінген жас жігіт шығады. Ол рулге ие бола алмай, балаларды қағып кеткен. Бір бала көлік астында қалса, екіншісі шетке құлап кеткен. Екі бала да қатты жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

Қазір балалардың біреуінің халі өте ауыр, екінші бала да әзірге ауыр халде. Сондай-ақ көлік ішінде отырған жүргізушінің жиені де зардап шеккен. Есіл аудандық ауруханасының хирургы Берік Есеновтың айтуынша, бір балаға шұғыл операция жасалған.

Куәгерлердің айтуынша, балаларды қағып кеткен жүргізуші көліктен шығып, апат орнынан ізін жасырған. Жедел жәрдем мен жол полициясына көршілері хабар берген. Қазір апатқа кінәлі 25 жастағы жігіт қолға түсті.

Ол рұқсатсыз мініп кеткен көлік ағасына тиесілі. Есіл аудандық ішкі істер бөлімі жол полициясының бастығы хабарлағандай, оның ешқашан жол жүруге рұқсат беретін құжаты болмаған, алайда ол соған қарамастан мас күйінде көлікке отырады. Былтыр бұл жігіт 10 тәулікке қамалғаны анықталды. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.

Соңғы жаңалықтар