Мамлют қаласында орналасқан мешіттің шатыры мен ғимараттың төбесіндегі жабынды толықтай өртеніп кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шекпеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.
Мешіттің қабырғасы ағаштан салынып, кірпішпен қапталған. Ал төбесі ағаштан және төбесіне профлист салынған.
Өрт шалған аумақ — 100 шаршы метр.