Қайғылы оқиға Қиялы ауылының орта мектебінде болды. 7-ші сыныпта оқитын Светлана Краснощекова сабақ енді басталғанда кенеттен талып қалған. Мектеп дәрігері мен жедел жәрдемнің 40 минут бойы оның есін жиямыз деген әрекеттерінен түк шықпапты. Кейін белгілі болғанындай, қыз құлаған сәтте-ақ жүрегі тоқтап жан тәсілім еткен. Бүгін марқұмның туыстары Светлананы арулап жерледі.