СҚО-да полиция гимнін жазуға конкурс жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да полиция гимнін жазуға конкурс жарияланды

СҚО-да полиция гимнін жазуға конкурс жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) полиция қызметкерлерінің гимні жазылады,деп хабарлайды дүйсенбі күні облыстық ІІД.

  • 11 Шiлде 2011
  • 543
Фото - Caravan.kz

«Гимнің мәтінінде қазақстандық полицейлердің қызметтік парызын атқару кезіндегі ерлігі мен жанқиярлығы, қылмыспен күрестегі патриотизмі мен Отанға деген адалдығы көрініс табуға тиіс. Әуені саптық немесе марштық болуы тиіс», — деп хабарлайды дүйсенбі күні ІІД.

ІІД ақпаратына сәйкес, конкурсқа кәсіпқой музыканттар, композиторлар және әуесқойлар да қатыса алады. Конкурстың жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар беріледі.

«Конкурс 15 шілдеден 30 тамызға дейінгі уақытта өтеді. Оның қорытындысы қырқүйекте шығарылып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар