Жарияланды: 590

СҚО-да қылмыстарды тіркеу талон бойынша жүргізіледі

Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) қылмыстарды тіркеу енді талондық жүйе бойынша жүргізіледі, деп хабарлады облыстық ІІД бастығы Мұрат Ұрымханов.

«25 маусымға дейін облыстық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдері мен полицияның учаскелік инспекторларына –хабарлама-талондардың бланктері берілді, бұл талондар қылмыс туралы полицияға арыз жазғандардың бәріне беріледі. Бұл құжатта арыз жазушының мәліметтері, арызды қабылдаған қызметкердің тегі, органның атауы, мекен-жайы және қызметтік телефоны, тіркеу жазбасының номері мен уақыты, заңға сәйкес аталған арыз бойынша шешім қабылданатын мерзім көрсетіледі», - деп хабарлады М. Ұрымханов оперативті кеңесте. Оның айтуынша, бұл шаралар есепке алу-тіркеу тәртібін (ЕТТ) жақсарту қажеттілігінен қолға алынып отыр. Полицияға түскен арыздардың толығымен тіркелуін қамтамасыз ету бойынша басқа да шаралар қабылданып жатыр. СҚО ІІД штаб ЕТТ жөніндегі инспекциясының бастығы Г. Сейдахметованың атап көрсетуінше, биыл ведомстволық жолмен СҚО ІІБ-ның кейбір бөлімшелерінде қылмысты жасырудың 30 оқиғасы анықталып, тіркеген. Нәтижесінде 100-ден аса қызметкер жұмысына салғырт қарағаны үшін тәртіптік жазаға тартылды. «Қылмыстардың жалпы санының өсуімен бірге, оларды ашу пайызы да артып, 86% құрады», - деп мәлім етті СҚО ІІД штаб бастығы Серік Тоқтарбаев. Оның ішінде, СҚО-да үстіміздегі жылы жасалған 30 кісі өлтіру оқиғасының біреуі – Петропавл тұрғыны Пальяновтың жоғалу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс ашылмаған. Биыл қаңтарда ол үйінен кетіп, содан бері оралмаған, оның қайда жүргені белгісіз. Ол жеке көлігімен адам тасымалдаумен айналысқан. Кеңесте келтірілген мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері СҚО-да 2517 қылмыс тіркелді, оның басым бөлігі ұрлық жасау - 1605. 30 кісі өлтіру, ауыр дене жарақаттарын жасаудың 51 оқиғасы тіркелген, оның 25-і кісі өлімімен аяқталған, 17 жәбірлеу, 29 қарақшылық шабуыл, 149 қарақшылық тіркеліп отыр. С. Тоқтарбаевтың айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қылмыстардың санының артуы 13% құрады, бұл бірінші кезекте, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды тіркеу шараларына байланысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін