СҚО-да «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4 мың ірі қараны сатып алуға 700 млн. теңге бөлінді (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4 мың ірі қараны сатып алуға 700 млн. теңге бөлінді (ФОТО)

СҚО-да «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4 мың ірі қараны сатып алуға 700 млн. теңге бөлінді (ФОТО)

Солтүстік Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы «Сыбаға», «Құлан», және «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламалары табысты жүзеге асып келеді.

  • 3 Қазан 2014
  • 795
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда, ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 3900 бас ірі қараны сатып алу үшін 700 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы СҚО бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалының бас маманы Дмитрий Шледевиц хабарлады.

Ал «Алтын асық» бойынша жоспар 5850 бас мал, бұған 125 млн. теңге қарастырылды. Аталған қаржыға асыл тұқымды қошқарлар мен саулықтар сатып алынады. Солтүстікқазақстандықтар, әсіресе, жылқы түлігін өсіру бағытындағы «Құлан» бағдарламасына көптеп қатысуда. Қазірдің өзінде фермерлер тарапынан 648 жылқы алуға 24 өтініш түсті.
Сыбага

Сыбага

Сыбага