«Биыл бір егіс науқанын бір мезгілде аяқтай алмадық. Толассыз жауын-шашынға байланысты егіс алқаптарындағы жұмысты тоқтатуға тура келді», — деп облыстық Ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Қуандық Тінеев мәлім етті.
Оның айтуынша, биыл 3,9 млн гектар алқапқа астық егілген.
«Былтырғы деңгейден ауытқыған жоқпыз. Майлы дақылдар, картоп пен көкөніс алқаптарының көлемі де сақталып қалды. Егіс алқаптарының жалпы аумағы 4 млн 532 мың гектарды құрады», — деп қосты ол.