СҚО-да жергілікті зираттан 99 қоршауларды ұрлаған деп күдіктелген азамат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да жергілікті зираттан 99 қоршауларды ұрлаған деп күдіктелген азамат ұсталды

СҚО-да жергілікті зираттан 99 қоршауларды ұрлаған деп күдіктелген азамат ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысының 54 жасар азаматы жергілікті зираттан 99 қоршауды ұрлаған деп күдіктелуде, деп СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Маусым 2011
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Уәлиханов АІІБ қызметкерлері Павлодар облысындағы әріптестерімен бірге зираттан 99 қоршауды ұрлап, жалпы сомасы Т300 мың шығын келтірген деп күдіктелген азаматты ұстады», — деді баспасөз қызметінен.

Жалпы ұзындығы 198 м болатын мұсылман зиратындағы темір шарбақтың жоғалғанын ауыл округының әкімі анықтап, сол Уәлихан аудандық ІІБ-не арыз берген.

Учаскелік полицейлер мен оперөкілеттілер жақын маңдағы ауыл тұрғындарын сұрастырып, ешқандай нәтиже шығара алмапты. АІІБ бастығы Еркін Махметов айтқандай, зират Уәлиханов ауданындағы Павлодар облысымен көрші жатқан қараусыз қалған Тоспа ауылының маңында орналасқан. Сондықтан СҚО полицейлері Павлодар облысындағы серіктестеріне жүгінген.

«Екі жақ бірігіп, зират маңынан УАЗ автокөлігін көргендерді тауыпты. Оның иесі анықталып, ол кейіи айыбын мойындады. Ол Павлодар облысының Ертіс ауданы Суворово селосының тұрғыны болып шықты», — деп баспасөз қызметінен хабарлады.

Кейін анықталғандай, қылмыскер кешке таман зиратқа келіп, қоршауды бұзып, алып кеткен. Ұсталғанның өзі омйындағандай, ол әр торын жеке кәсіпкерге Т1,5 мыңнан сатып, барлығы Т148 мың пайда көріпті.

«Қазір барлық қоршау кері алынып, ал күдікті сатып алушыға барлық сомадағы ақшасын қайтарып беруге уәде беріп отыр. Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда», — деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар