СҚО-да жолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да жолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды

СҚО-да жолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды

Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлады "Қазавтодор" РМК баспасөз қызметінен.

  • 24 Қараша 2015
  • 420
Фото - Caravan.kz

«Ауа райының нашарлауына байланысты СҚО-да (көктайғақ) сағат 8.30-да Көкшетау-Омбы, (2-50 шақырым); Көкшетау-Рузаевка, (0-61 шақырым); Астана-Петропавл  (304-341 шақырым) жолдары бойынша көліктің барлық түрлеріне жол қозғалысы шектелді», — делінген хабарламада.

Еске салсақ, СҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс бойынша жол қозғалысын шектеу сақталуда, барлық бағыт бойынша көліктің барлық түрлеріне 23 қарашада сағат 21.30-да енгізілген  шектеу сақталуда.

Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ)  «Екатеринбург-Алматы» (552-729 шақырым),  Қостанай қаласы учаскесінен СҚО-ға дейін; «Мамлютка-Костанай» 180-243, 249-404 шақырым, СҚО-дан Қостанай қаласына дейін көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты 23 қарашада сағат 21.00-де енгізілген  Қалқаман кентінен Қарағанды облысы шекарасына дейін «Ульяновский-Керней-Үміткер-Баянауыл-Қалқаман»  0-231 шақырым жол көліктің барлық түрлеріне жабылды.   


Соңғы жаңалықтар