СҚО-ның бес ардагері «Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-ның бес ардагері «Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағына ие болды

СҚО-ның бес ардагері «Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағына ие болды

Бүгін Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов аймақтың бір топ ардагерлерімен, Социалистік Еңбек Ерлерімен кездесті.

  • 5 Шiлде 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында өңір басшысы шақырылғандарды «Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атақтарымен марапаттау салтанатын өткізді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Олардың арасында петропавлдық Василий Попов мен Мағауия Алазов, Тайынша ауданының Драгомировка ауылынан Иван Сазонов, Ғабит Мүсірепов ауданының Буденный ауылынан Василий Химич және Ақжар ауданының Бостандық ауылынан Жолаушы Рамазанов болды.

Бұл шешім облыстың мәслихаттың сессиясында ардагерлердің облыс экономикасына елеулі үлес қосқаны, қоғамдық қызметке белсене қатысқандары, халықтар арасында достықты нығайтқаны және Қазақстан Республикасының беделін арттырғандары үшін берілді.

Облыс басшысы бұл құрметті атақтың ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы үстінде берілгенінің маңызы зор екенін атап өтті. «Біз бұл жылы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарын мақтаныш етеміз», — деді С.Біләлов.

Соңғы жаңалықтар