СҚО-ның Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында ауылдық фермалардың бірінен барымташылар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-ның Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында ауылдық фермалардың бірінен барымташылар ұсталды

СҚО-ның Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында ауылдық фермалардың бірінен барымташылар ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ІІБ полицейлері ауылдық фермалардың бірінен қой ұрлап дәніккен ұрлықшыларды ұстады.

  • 11 Қараша 2012
  • 342
Фото - Caravan.kz

Буденное ауылының 19 жастағы тұрғыны ұсақ бұзақылығы үшін екі тәулікке әкімшілік жазаға тартылып, тұтқынға алынды. Сол күні ІІБ-іне мал фермасының бригадирі 11 қойы жоғалғанын айтып, шағымданып келді.

Өтінішті тексеру барысында полицейлер бұрын осы ұйымда жұмыс жасаған қызметкерлерден жауап алды. Өйткені, қылмыс жасалған жерді барлап қарағанда, оны осы жердің жай-жапсарын жақсы білетін адамдар жасағаны байқалды. Солардың бірі әкімшіліқ құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазаға тартылып, уақытша оқшаулау абақтысында отырған жігіт болып шықты.

Оны тергеу барысында ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Оның айтуынша, қазан айының соңғы күндерінің үш түнінде ол жұмыс берушінің қорасында «қожайындық» жасап, басқа 45 жастағы жергілікті тұрғынның сарайынан қойларды ұрлап, машинамен көзін асырған.

Қазіргі уақытта ұрланған мал иесіне қайтарылды. Ұсталған екі адам да қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар