Caravan Logo

СҚО-ның тұрғыны туған әкесін пышақтап өлтірді

СҚО-ның тұрғыны туған әкесін пышақтап өлтірді


Оқиға Петропавл маңындағы Бескөл кентінде болған. Тура жүректің тұсына кірген пышақ жарақатынан қарт тіл тартпай кетті. Күдіктінің шешесінің айтуынша, оның 35 жастағы ұлы-екінші топтағы мүгедек, облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Бірақ оның кісіге пышақ сермеуі алғаш рет екен. Қазір күдікті қамауға алынды. Жігіттің жүйке жүйесін енді сот сараптамасы тексеретін болады. Оның қорытындысына сай,  күдіктінің алдағы тағдыры да айқындалмақ. Не ол абақтыға тоғытылады, не ұзақ мерзімге емделуге жіберіледі.