С.Сартаев: Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялауды 1991 жылы Елбасы маған жүктеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
С.Сартаев: Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялауды 1991 жылы Елбасы маған жүктеді

С.Сартаев: Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялауды 1991 жылы Елбасы маған жүктеді

Мен 194 елдің мемлекеттігін жариялаған адамдардың бірі болдым.

  • 28 Қараша 2012
  • 630
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы Сұлтан Сартаев бүгін Алматыда өткен «Нұрсұлтан Назарбаев: Тәуелсіз Қазақстанның өркендеу жолында қабылданған стратегиялық шешімдер» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты.

«Қазақстан 1991 жылдың 8 желтоқсанында Кеңес Одағы тарағаннан кейін 8 күн өткен соң дүниежүзіне өз Тәуелсіздігін жариялады. Парламент мінберінде 16 желтоқсан күні оны әлемге жариялауды ҚР Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев маған жүктеді. Сол сәттегі сезімді әлі күнге дейін сөзбен жеткізе алмаймын. Мен өзімнің тағдырыма ризамын. Өйткені 194 елдің мемлекеттігін жариялаған адамдардың бірі болдым», — дейді С.Сартаев.

Академиктің айтуынша, ел ордасын ауыстыру бір күнде, не бір жылда қабылданған шешім емес. Мәселен, 1992 жылы Хелсинки келісіміне қол қоюға Финляндияға ұшақпен ұшып бара жатқан кезде Н. Әбішұлы: «Біздің баспасөзде астананы көшіру туралы әңгіме қозғалып жатыр. Осыған қалай қарайсыңдар?», — деп пікірімізді сұрады.

Сонда Мұхтар Шаханов екеуіміз: «Стратегиялық тұрғыдан бұл бірегей шешім екенін. Өйткені ел астанасы мемлекеттің ортасында болу керек», — дедік. Елбасы: «Егер халық қолдаса біз солай жасаймыз», — дегенді айтты. Кейін оны халық қолдап, бұл идея жүзеге асты.