«Staatsoper Berlin» мен «Covent Garden» прима-бишілері Алматыда «Лебединое озеро» балетін сахналайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Staatsoper Berlin» мен «Covent Garden» прима-бишілері Алматыда «Лебединое озеро» балетін сахналайды

«Staatsoper Berlin» мен «Covent Garden» прима-бишілері Алматыда «Лебединое озеро» балетін сахналайды

«Staatsoper Berlin» театрының прима-балеринасы Яна Саленко мен Лондонның «Covent Garden» театрының премьері Вадим Мунтагиров жексенбі күні Алматыда Петр Чайковскийдің «Лебединое озеро» балетін сахналады.

  • 13 Қазан 2014
  • 517
Фото - Caravan.kz

«Біз «Лебединое озеро» балетін Алматыда осымен үшінші әлде төртінші рет әкеліп отырмыз. Я.Саленко мен В.Мунтагиров Қазақстанға тұңғыш рет келіп отыр. Біз бұл жұптың аталған спектакльді жаңа қырынан көрсете алатынына көрермендеріміздің көзін жеткізгіміз келеді. Бұл классика, балет өнерін онсыз көзге елестету мүмкін емес. Қазіргі уақытта әлемде классикалық туындылардың орны төмендеп барады. Қазір балеттердің басым көпшілігі заманауи спектакльдерге негізделген. Бірақ біз ескі дәстүрді сақтап, классиканы көрсеткіміз келеді», — деп жексенбі күні «Art Classic» компаниясының бас директоры Ерлан Андағұлов мәлім етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, спектакль Лев Ивановтың редакциясы бойынша сахналанады. Ал Я.Саленко мен В.Мунтагиров тұңғыш рет бірге билемек. «Біз бұрын ешқашан бірге билеген жоқпыз. Янаны бұрыннан білемін. Ол тамаша балерина. Кеше репетиция жасап, дайындығымызды пысықтап алдық. Бірақ мен толқып тұрмын», — дейді «Covent Garden» театрының премьері В.Мунтагиров.

«Неліктен дәл осы әртістерді шақырып отырмыз? Біз әртістердің өнерін бақылап отырамыз. Олар бүгінгі дайындықта 10 жыл бойы жұптасып билеп жүргендей тамаша өнер көрсетті. Жоғары кәсіби деңгейде әрі жеңіл биледі. Болашақта да жұптасып өнер көрсетуі әбден мүмкін. Бәлкім, біз жаңа жұлдызды жұпты қалыптастырып отырған да шығармыз», — дейді Е.Андағұлов.


Перейти к новостям спорта