Қазақтың жезтаңдай әншісі Роза Бағланова 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан.
Әнші Ерке Есмахан аңыз әнші жайлы бірқатар деректерді желідегі жеке парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Роза Бағланованың өнеріне Сталиннің өзі риза болған. Орнынан тұрып, қолын алған. Қасында отырған Мао Цзыдун да Роза Бағлановаға сезімін білдіріп, сыйлық беріп, көңілін көрсеткен адамдар көп болған. Олардың қатарында Сталин, Брежнев, Хрущев, Джавахарлал Неру, Ким Ир Сен, Мао Цзыдун, Шәкен Айманов, Мұхтар Әуезов, Бауыржын Момышұлы, Жұбан Молдағалиев, Талғат Бегилдинов, Мұхтар Шаханов сияқты мықтылар болған. Оған замандас ер азаматтардың бәрі дерлік ғашық еді. Біразымен кездесіп, көңіл қосқан деседі!" деп жазды Ерке Есмахан иснтаграмдағы сторис бөлімінде.
Расында Роза Бағланованың сұлулығына еліткендердің қатарында шетелдің мемлекет басшылары, маршалдар, генералдар, хатшылар, колхоз председательдері, совхоз директорлары, шахтерлар, қарапайым азаматтар да болған.