“Сталинмен қарым-қатынасы болған”: Әншінің күйеуі Мәскеудегі қонақүйдегі ванна бөлмесінен Күләштің өлі денесі табылғанын естелігінде жазған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Сталинмен қарым-қатынасы болған”:  Әншінің күйеуі Мәскеудегі қонақүйдегі ванна бөлмесінен Күләштің өлі денесі табылғанын естелігінде жазған

“Сталинмен қарым-қатынасы болған”: Әншінің күйеуі Мәскеудегі қонақүйдегі ванна бөлмесінен Күләштің өлі денесі табылғанын естелігінде жазған

24 жасында халық әртісі атанған Күләш Байсейітованың құпия өлімі жайлы не білеміз?

  • 23 Мамыр
  • 225
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы тележүргізуші Данияр Есеннің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, КСРО халық әртісі, Шығыс бұлбұлы атанған Күләш Байсейітованың көп жерде таралмаған ақпаратпен бөлісті.

Небәрі 24 жасында “СССР-дің Халық Әртісі” атанған әнші Күләш Байсейітова туралы аңыз да көп, әпсана да көп.
“Сталинмен қарым-қатынасы болған” деген алыпқашпа әңгімелер де әлі күнге дейін ел аузында жиі айтылады.
Әншінің жұмбақ өлімі бүкіл Кеңес Одағын дүр сілкіндірді. Оның өлімін Сталинмен, НКВД-мен байланыстыратындар да бар.

Күләштің шын есімі: Гүлбахрам. 1912 жылы Қарқаралы уезінде дүниеге келді.
12 жасында Алматыға келіп, интернатта оқыды.
Оның музыкалық таланты кішкентай кезінен байқалып, жұрттың көзіне ерте түсті. Әкесі Жасыннан естіп өскен жыр-қиссаларды, әндерді нақышына келтіре орындайтын.

18 жасында Қызылордада құрылған театр студиясына түсіп, оны бітіргеннен кейін Музыкалық театрға (қазіргі Абай атындағы Қазақ опера және балет театрына) жұмысқа қабылданады.
Көптеген рөлдерді шебер орындап, жұртқа таныла бастайды.

Күләш Байсейітова әнші Қанабек Байсейітовпен шаңырақ көтерді.

Әншінің үш қызы болды: Құралай, Қарлығаш және Қаршыға. Өкінішке қарай, Қаршыға балабақшада уланып қайтыс болды. Содан кейін қандай да бір сағынышты басу үшін Күләш әпкесінің қызы Раушанды асырап алды. Раушан  Күләш қайтыс болғаннан кейін жетістікке жетті: балет солисі атанып, Қазақ ССР Халық Артисі атағын алды.

Өкінішке қарай, Күләштің күйеуі Қанабекпен ара қатынасы шиеленісті болды. Шығармашылықта олар бір-бірін тамаша толықтырғанмен, өмірде Қанабек тарапынан түсініспеушіліктер көп болды. Қыздарының бірінің айтуынша, Қанабек Күләш қайтыс болғаннан кейін бірден басқа әйелге үйленген.

1957 жылы әнші Күләш Байсейітова гастрольдік сапармен Мәскеуге барады. 1-2 күн алдын Қанабек Алматыға кетіп қалған.
6 маусым күні қонақүйдегі ванна бөлмесінен Күләштің өлі денесі табылады.
Бұл туралы Қанабек естелігінде айтады: “Ваннаның қасына жетіп, жақтауына сүйенген күйі отыр дейді. Құламапты, тірі адамдай сүйеніп қана отыр екен”
Дәрігерлер миына қан кеткен деген анықтама береді.

Әнші 45 жасында өмірден озды.

«Орыстар өлтірсе, онда бәрін өлтірер еді ғой. Не керегі бар өсек сөз. Ажалы келген соң, өледі. Шаршаған болар жүйкесі», «Жатқан жері жайлы болсын», деп жазды оқырмандар