Стамбул әуежайында SCAT пен Turkish Airlines ұшақтары соқтығысып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.5
  • 601.62
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стамбул әуежайында SCAT пен Turkish Airlines ұшақтары соқтығысып қалды

Стамбул әуежайында SCAT пен Turkish Airlines ұшақтары соқтығысып қалды

Екі ұшақ ұшу-қону жолағында соқтығысқан

  • 28 Шiлде 2017
  • 431
Фото - Caravan.kz

SCAT қазақстандық авиакомпаниясының ұшағы Стамбул әуе айлағында басқа бір ұшақпен соқтығысты, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасының сайты.

Телеарна мәліметінше, SCAT ұшағы ұшу-қону жолағында оң жақ қанатымен түрік ұшағын қағып кеткен. Екі ұшақ та болар-болмас зақым алды. Ұшақтың ішінде болған адамдар зардап шеккен жоқ.

Қазақстандық әуе компаниясы жолаушылары Ақтауға ұшып келіпті. Ал Turkish Airlines жолаушылары Тайбэйға басқа ұшақпен аттанды.