Тәжікстан Республикасы қаржы министрлігінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, екі күндік форумның мақсаты — саммитке қатысушы Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан және Түркия елдеріндегі қаржылық даму туралы талқылау болмақ.
Бас қосуға қатысушылар аймақтағы ең өзекті қаржылық тауқыметтерді, атап айтсақ, ТМД елдері мен Түркиядағы банк жүйесінің даму ағымы; сақтандыру және зейнетақы қорлары саласының дамуы; экономикалық өсімді пәрмендендіру және жергілікті өндіріс саласын дамытуда банк секторының атқаратын ролі; инвестициялық мүмкіндіктер; ақпараттық және банк технологиялары туралы сарапқа салады.
Тәжікстан атынан онда республика қаржы министрінің орынбасары Шавкат Сохибов баяндама жасайды деп күтілуде.