Жарияланды: 470

Стамбұлда екі ел арасындағы қатынастардың 20 жылдығына арналған конференция өтті

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Ыстамбұл қаласында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастардың 20 жылдығына арналған конференция өтті,

деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі. Конференцияға Түркия мемлекеттік органдарының, қоғамдық және ғылыми-академиялық топтарының, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ Түркия БАҚ-ның өкілдері қатысты. Елші Жансейт Түймебаев өз сөзінде тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдениет және басқа салалардағы жетістіктері, сондай-ақ Түркиямен стратегиялық әріптестік деңгейінде дамып отырған ынтымақтастық туралы баяндады. Түркия өкілдерінің баяндамаларында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізілген Қазақстанның жетістіктері, елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар және халықаралық аренадағы табыстар кеңінен орын алды. Конференцияға қатысушылар Қазақстанның экономикалық даму қарқынына, қоғамды демократияландыру және қазіргі заманға сәйкестендіру үдерістеріне жоғары баға берді. Іс-шара шеңберінде қазақстандық «Сарын» фольклорлық ансамблі мен «Хас Санат» би тобының концерті ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін