деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.
Конференцияға Түркия мемлекеттік органдарының, қоғамдық және ғылыми-академиялық топтарының, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ Түркия БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Елші Жансейт Түймебаев өз сөзінде тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдениет және басқа салалардағы жетістіктері, сондай-ақ Түркиямен стратегиялық әріптестік деңгейінде дамып отырған ынтымақтастық туралы баяндады.
Түркия өкілдерінің баяндамаларында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізілген Қазақстанның жетістіктері, елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар және халықаралық аренадағы табыстар кеңінен орын алды. Конференцияға қатысушылар Қазақстанның экономикалық даму қарқынына, қоғамды демократияландыру және қазіргі заманға сәйкестендіру үдерістеріне жоғары баға берді.
Іс-шара шеңберінде қазақстандық «Сарын» фольклорлық ансамблі мен «Хас Санат» би тобының концерті ұйымдастырылды.