Стамбулда Каспий және Қара теңіз аймағы елдерінің экология министрлерінің саммиті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стамбулда Каспий және Қара теңіз аймағы елдерінің экология министрлерінің саммиті өтеді

Стамбулда Каспий және Қара теңіз аймағы елдерінің экология министрлерінің саммиті өтеді

Бүгін, 25-қарашада Стамбулда Каспий және Қара теңіз аймағы елдерінің экология министрлерінің саммиті өтеді. Экология мәселелеріне арналған бұл бас қосу "Caspian & Black Sea Ecology 2004" тақырыбы бойынша өткізіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Iteca компаниясынан хабарлады.

  • 25 Қараша 2004
  • 1127
Фото - Caravan.kz

Бас қосуға Түркия, Ресей, Иран, Румыния, Украина, Қазақстан, Болгария, Әзербайжан , Грузия өкілдері мен халықаралық және аймақтық мұнайгаз, көлік және танкерлік компаниялар мен бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Саммитке қатысушылар қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша аймақтық, мемлекетаралық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту мақсатымен аймақтың экологиялық жүйесіне әсер ететін, қоршаған ортаны қорғауға қатысы бар бірқатар мәселені қарайды. Кездесу барысында Каспий және Қара теңіз аймағында мұнай мен газ өндіру, барлау және қуат көздерін тасымалдаудың экологиялық қауіпсіз әдістері мен технологияларын дамыту жайын талқылау көзделіп отыр.
«Caspian & Black Sea Ecology 2004» саммитін Түркияның экология және орман шаруашылығы министрі Осман Пепе ашады.
Бүгінде Түркия сыртқы істер министрлігі мен экология және орман шаруашылығы министрлігі жүзеге асырып жатқан Босфор және Дарданеллы бұғаздары арқылы кеме қатынау бағдарламасын талқылау — саммит күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі болмақ. Бағдарламада Босфор және Дарданеллы бұғаздарына кемелер кептеліп қалу проблемасына мониторинг жүргізу, қазіргі қолданыстағы бұғаздар арқылы өту ережелеріне балама қарастыру да қамтылған.
Қазақстан атынан бас қосуға «Казэкожоба»ЖШС, «»ҚазМұнайГаз Барлау және Өндіру»АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, «МаңғыстауМұнайГаз» ААҚ, «Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағы» РМК, Shell (Қазахстан) компаниялары мен ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері қатысады.

Перейти к новостям спорта