Стамбулда түркі тілдес мемлекеттердің арнайы қызмет өкілдері Конференциясының мәжілісі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стамбулда түркі тілдес мемлекеттердің арнайы қызмет өкілдері Конференциясының мәжілісі  өтті

Стамбулда түркі тілдес мемлекеттердің арнайы қызмет өкілдері Конференциясының мәжілісі өтті

АСТАНА. 14 қыркүйек . Kazakhstan Today. Стамбулда Конференцияға қатысуышы түркі тілдес - Әзірбайжан, Қазақстан,Қырғызстан, және Түркия мемлекеттерінің арнайы қызметтерінің тоғызыншы мәжілісі өтті. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қыркүйек 2006
  • 364
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында халықаралық ланкестікпен және діни экстремизммен күрес жолындағы, сондай ақ халықаралық көлік дәліздерінің , аймаққа энергия тарату желілерінің қауіпсіздігін ұйымдастырудағы ынтымақтастықты пысықтау шаралары қаралды.

Конференцияның соңынан түркі тілдес мемлекеттердің арнайы қызмет делегацияларының жетекшілері қорытынды құжатқа қол қойды.

Бақылаушы ретінде мәжіліске Ресейдің, Украинаның және Түркіменстанның арнайы қызмет өкілдері қатысты.

Осыған дейін хабарланғандай, түркі тілдес мемлекеттердің арнайы қызметінің Конференциясын құру туралы хаттамаға 1998-жылы 20 мамырда Стамбулда қол қойылған болатын. Осы құжатқа сәйкес, мәжіліс жыл сайын Конференцияға қатысушы мемлекеттерде кезекпен өткізіледі. Мәжіліс өткен мемлекеттің арнайы қызметінің басшысы бір жыл Конференцияға төрағалық етеді. Кезекті қабылдау бағдарламасы өткен мәжілістің шешіміне орай жасалады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта