Заңгер еліміздегі уағызшыларға шүйлікті. Ол бұл туралы фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Стамбұлдағы жарылыс бұл біздің елге де сигнал! Стамбұлдағы жарылысты әйел адам жасаған деп отыр!
Соңғы уақытта біздің елде тик-ток әлеуметтік желісінде қара жамылған қарғалар көбейіп кетті деп дабыл қағып келемін. Дабыл қағуым бекер емес!
Отырып алып, уағыз айтуларынан бөлек құдды өз уақыттарын күтіп, бір нәрсеге дайындалып жүргендей көремін . Қолдарына қару алулары да бекер емес!
Парламент депутаттары шұғыл түрде Мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін қара Ниқаб киюді, бет тұмшалауды заңмен шектеу керек!
Құзырлы органдар жұмыс істеу үшін оларға заң керек!
Кеш болмай тұрып, тиісті заң шығарып бізде миы уланған зомбиларды елімізден тазартайық!, деп жазды заңгер.
"Бізге қатысы бар, Салафиттердің көбі Түркияға қашып кетті!", "Мешіт, медреселерді құзырлы органдар бақылауға алып, қажет болса жабу керек. Бұлай кете берсе жақында Ауғанстан боламыз", "Дұрыс, заңмен тиым салмаса, осындай болары сөзсіз!", деп жазды оқырмандар.