Standard & Poors Халықтық банкінің рейтингін "В+/В"-ге дейін көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Standard & Poors Халықтық банкінің рейтингін "В+/В"-ге дейін көтерді

Standard & Poors Халықтық банкінің рейтингін "В+/В"-ге дейін көтерді

Standard & Poors рейтинг агенттігі Қазақстан Халықтық жинақ банкінің ұзақ және қысқа мерзімді несиелік рейтингтері мен депозиттік сертификаттары рейтингін "В/С" деңгейінен тұрақты болжаммен "В+/В" деңгейіне дейін көтерді,- делінген S&P хабарламасында.

  • 15 Тамыз 2003
  • 527
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, банк рейтингінің өсуі Қазақстандағы экономикалық ахуалдың жақсаруын, банкті жекешелендіру нәтижесінде оның қаржылық және коммерциялық іс-қызметі көрсеткіштерінің артуын, оның жеке тұлғаларға банк қызметін көрсету саласындағы жетекшілік ролін, банк қорының ликвидтілік деңгейін, банктің жалпы Қазақстан экономикасындағы маңызын айғақтаса керек.

«Бұдан былайғы рейтинг деңгейі Халықтық банктің негізгі қызмет түрлерінен тұрақты рентабельділік деңгейін сақтау алуына, шығын көлемін оңтайландыра алу қабілетіне, активтер сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз ете алу қабілетіне тікелей байланысты»,- дейді S&P өкілдері.
Сондай-ақ бұл жағдаятқа Қазақстандағы экономикалық және қаржылық ахуалдың жақсаруы мен капитализация деңгейі де өзіндік ықпалын тигізеді. Ал қазір бұл саладағы тәуекелділік (риск) қаупі әлі де жоғары екені белгілі.
Халықтық банк еліміздегі жетекші үш банктің санатында.

Соңғы жаңалықтар