Stan.tv интернет-порталының офисінен жабдықтар мен құжаттар тәркіленді
Тергеу тобының қызметкерлері Алматы соты тыйым салған Stan.tv интернет-порталының офисінен жабдықтар мен бухгалтерлік құжаттарды тәркіледі. |
"Бухгалтерлік құжаттардың 70 папкасы тәркіленді, дискісі бар 30 қорапқа сүргі салынды", деді Алматыда бейсенбіде баспасөз мәслихатында "Stan-production" ЖШС директоры Бауыржан Мүсіров.
"Телевизор, тоңазытқыш пен басқа да керек емес оргтехникадан басқасының бәрі, яғни ноутбук, бейнекамералар, құжаттар әкетілді", деді ол.
Оның айтуынша, техникалық мәселелерді шешіп алған соң Stan.tv интернет-порталы жұмысын жалғастырмақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін