Статистика агенттігінің жұмысына Халықаралық стандарттар енгізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Статистика агенттігінің жұмысына Халықаралық стандарттар енгізілмек

Статистика агенттігінің жұмысына Халықаралық стандарттар енгізілмек

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады.

  • 15 Қараша 2012
  • 276
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Ә.Смайылов Агенттік қызметінің нәтижелері мен статистикалық әдістемені жетілдіру, ақпараттық жүйені әзірлеу мен дамыту және статистикалық мәліметтерді пайдалануды қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі алдағы жұмыстардың келешегі туралы баяндады.

Сонымен қатар, Агенттік төрағасы статистикалық ақпартты жинау мен өңдеуде автоматтандыру үдерісіне бағытталған «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйенің қағидаттары мен БҰҰ-ның ұсынымдарына негізделген ресми статистиканың нормалары мен стандарттары бекітілген «Мемлекеттік статистика туралы» жаңа Заңның қабылдануы туралы хабардар етті.

— Бүгінде статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жылға жақындады, сондай-ақ 69,6 жасқа жетті, соның ішінде әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 74 жылдан асты. Осының бәрі — еліміз азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тиімді мемлекеттік саясаттың нәтижесі және денсаулық сақтау саласының қарқынды дамуының көрсеткіші, — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті халықаралық әдістер мен практикаға сәйкес қажетті, дер кезіндегі және сенімді мәліметтерді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ұлттық статистикалық жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға назар аударды.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша Агенттіктің ақпараттық жүйесін өзге мемлекеттік органдардың жүйесімен интеграциялау жөнінде, сондай-ақ статистикалық қызметке халықаралық стандарттарды енгізу туралы нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар