Жарияланды: 370

Ставропольде діни және ұлттық астары бар жанжалды шешетін жұмыс тобы құрылатын болды

Ставрополь өңірінің парламент аппаратының бөлім басшылары мен депутаттардың күнделікті жұмыс барысында бас қосатын мәжілісінде өңірде діни және ұлттық астары бар жанжал туа қалған жағдайда әрекет етудің ортақ келісімін айқындап алу туралы мәселе көтерілді.

Ставрополь Думасының баспасөз қызметі хабарлағандай, депутаттардан мұндай жағдайдың алдын-алуға септігін тигізетін заңнамалық шешімдерді әзірлейтін әрі өңірдегі миграциялық процесті реттейтін арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Депутаттардың айтуынша, мұндай қадамға баруына мектеп оқушыларының шариғат талаптарына сай киінуіне қатысты туындаған дау-дамай себеп болған көрінеді. muslim.kz мәліметінше, жұмыс тобын өңір Думасының төраға орынбасары Ю.Гонтар басқаруы мүмкін. Депутаттар шетін мәселеге қатысты өзге аймақтардың тәжірибесіне де сүйеніп көрмекші. Осыған байланысты депутаттар көршілес Краснодар өңіріне барып қайтуды жоспарлап отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін