«Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына стенд атудан Қазақстаннан 1 спортшы ғана қатысты. Ол — Ангелина Мищук. Оған бапкерлер финалға шығып, үздік алтылықтың қатарына ену туралы міндет жүктелген болатын», — дейді С.Колос. Жаттықтырушының айтуынша, кеше іріктеу сынына 18 спортшы қатысқан. Онда шымкенттік А.Мищук 9-орын алып, финалға шыққан 6 спортшының қатарынан көріне алмады.