Степногордағы ЕЦ 166/18 түрмесінің күзетшілері қашуға әрекеттенген бір жазасын өтеушіні атып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 527.58
  • 546.15
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Степногордағы ЕЦ 166/18 түрмесінің күзетшілері қашуға әрекеттенген бір жазасын өтеушіні атып тастады

Степногордағы ЕЦ 166/18 түрмесінің күзетшілері қашуға әрекеттенген бір жазасын өтеушіні атып тастады

Ақмола облысының Степногор қаласындағы ЕЦ 166/18 қатаң режимдегі еңбекпен түзеу колониясында оқыс оқиға орын алды. Түрмеден қашуға әрекеттенген жазасын өтеушілердің бірі қарауылдың оғына ұшты.

  • 17 Тамыз 2010
  • 556
Фото - Caravan.kz

Түрме басшылығының айтуынша, түнгі үштер шамасында жазасын өтеушілердің бірі бақылаушылар назарынан сытылып шығып, тиым салынған аумаққа қарай жүгірген. Бұл әрекетті кеш байқаған түрме күзетшілері де оны қуып жете алмапты. Темір сыммен оралған 50 метрлік қоршаудан секірмекші болған 25 жасар жігітті қарауылдың ескерту оғы да тоқтата алмаған. Оққа ұшқан жазасын өтеуші 19 жылға бас бостандығынан айырылып, оның 5 жылын темір тордың ар жағында өткізген екен. Қылмыстық атқару жүйесінің басшылары қарауылдың қару қолдануы заңды деп отыр.

Жанат Кешубаев, Ақмола облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы:
-Қарауыл қару қолданбастан бұрын, бірнеше рет ескерту жасап ауаға оқ атқан, бірақ қашқын тоқтамаған. Қазір арнайы прокуратура тексеріп жатыр, алдын ала тергеу қорытындысы бойынша қарауылдың әрекеті заңды.

Жалпы бұл облыс аумағындағы еңбекпен түзеу колониясындағы бірінші төтенше жағдай емес. Таяуда Көкшетау маңындағы Гранитный елді-мекеніндегі абақтыда орын алған бүлікке қатысты тергеу амалдары әлі жүріп жатыр. Әзірге белгілісі қақтығыс салдарынан мемлекет қазынасына 10 млн теңгеден астам материалдық шығын келген.